Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті қырық сегіз сессиясының шешімдері

                   2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/472-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5296 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Төлеби ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2  және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 23 872 004 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 663 248 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 28 828 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 33 500 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 22 146 428  мың теңге;

шығындар – 23 868 229 мың теңге;

таза бюджеттік кредиттеу – 7 953 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 7 953 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 4 178 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 178  мың теңге:

қарыздар түсімі – 7 953 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 3 775 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

2. 2020 жылы облыстық бюджетке аудандық бюджеттен жеке табыс салығынан 50 пайыз және әлеуметтік салықтан 50 пайыз мөлшерінде бөлу нормативтері белгіленсін.

3. 2020 жылы облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 13 460 653 мың теңге болып белгіленсін.

4. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2020 жылға арналған резерві 16 961 мың теңге сомасында бекітілсін.

5. 2020 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi                        4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

6. 2020 жылғы аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне берілетін субвенциялар мөлшерінің бөлінуі 429 702 мың теңге сомасында 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін, оның ішінде:

Ленгер қаласы 57 546 мың теңге;

Аққұм ауылдық округі 23 580 мың теңге;

Алатау ауылдық округі 33 078 мың теңге;

Бірінші Мамыр ауылдық округі 36 663 мың теңге;

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі 30 297 мың теңге;

Зертас ауылдық округі 29 065 мың теңге;

Кемеқалған ауылдық округі 31 567 мың теңге;

Көксәйек ауылдық округі 40 981 мың теңге;

Киелітас ауылдық округі 40 552 мың теңге;

Қаратөбе ауылдық округі 25 681 мың теңге;

Қасқасу ауылдық округі 31 138 мың теңге;

Қоғалы ауылдық округі 27 429 мың теңге;

Тасарық ауылдық округі 22 125 мың теңге.

7. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде 2020 жылға арналған аудандық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

8. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес, 2020 жылға ауылдық жерде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлық ақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлық ақылары мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

9. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

10. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

26 желтоқсан  2019 жыл                                                       № 48/267-VІ                                                          

Төлеби  аудандық  мәслихат                                                                                                      

 аппаратының шығыс сметасын                                                                                  

 бекіту туралы

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       Төлеби аудандық мәслихат аппаратының шығыс сметасы бекітілсін.

          (Мәслихат аппаратының шығыс сметасы қоса тіркеледі).

 

26 желтоқсан 2019 жыл                                                              № 48/268-VІ                                        

                

Төлеби аудандық мәслихатының

2020  жылға арналған жұмыс

жоспары туралы

Аудандық мәслихат ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

Қоса тіркелген Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған  жұмыс жоспары бекітілсін.

              Аудандық мәслихаттың

              2019 жылғы 26  желтоқсандағы

              №48/268-VІ  шешіміне 1 қосымша

2020 жыл.

І- тоқсан.

 

  1. Аудандық мәслихаттың «Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсететін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» шешімінің орындалу барысы жайлы.

 

ІІ- тоқсан.

 

  1. 2019  жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы. 

          2. Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленгендей   Тасарық және Қасқасу  ауылдық округтері әкімідерінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы есебі. 

         

 3.  Аудандық мәслихаттың «Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау,   депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі»  туралы

ІІІ- тоқсан.

  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалының барысы

туралы аудан әкімінің  есебі.

          2.  Ауданда  6-18 жас аралығындағы   оқушыларды  ыстық тамақпен, оқу қажеттіліктері мен  құралдарын қамтамасыз етудің барысы жайлы білім бөлімінің есебі.

         3.  Аудандық мәслихаттың «Экология және табиғат ресурстарын тиімді

пайдалану, әкімшілік – аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстарының есебі» туралы . 

ІҮ- тоқсан.

  1. 2021-2023  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  туралы.

           2.  Қала және ауылдық округтердің  2021-2023  жылдарға  арналған     бюджеттерін бекіту  жайлы.

          3. Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленгендей   Кемеқалған және Аққұм  ауылдық округтері әкімідерінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы есебі. 

         4.  Жұмыспен қамтудың 2020 бағдарламасының аудан аумағында орындалу барысы жайды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі.

26  желтоқсан  2019 жыл                                                                     № 48/269-VІ

     Аудандық  мәслихаттың алдағы

     болатын  сессиясының төрағасын

     сайлау туралы 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18  бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       Алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың алдағы болатын кезекті сессиясының төрағасы болып, №16 сайлау округінен сайланған депутат  Нышанов Жандар Садықбекұлы  сайлансын.                       

Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                        Н.Құлышев

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                             Н.Қойбағаров