26.05.2018

Төлебиде алғаш рет мемлекеттік қызметшілер арасында отбасылық спартакиада өтті

«Әкем, анам және мен» тақырыбы аясында өткен сайыстың ұраны «Жемқорлыққа – жол жоқ!» болды.

Бәсекеге бірнеше отбасы қатысып, бақ сынады. Олар – Сүттібаевтар, Аралбаевтар, Рысбековтер, Жұманазаровтар отбасылары. Сайыс барысында «Қаппен жүгіру», доппен ойнау, секіртпемен секіріп жүріп жылдамдыққа жүгіру сияқты т.б. кіші эстафета түрлерінен жарысты.

Сайыс қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында өткізілген мемлекеттік қызметшілер арасындағы аудандағы спорттық іс-шаралар мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта – жаппай жүгіруден, велосипед тебуден марафондар ұйымдастырылады.