04.07.2018

Үстіміздегі жылы шілде айының 04 күні әкімдіктің үлкен мәжіліс залында, VІ - шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті.

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14-і қатысып, 3 депутат (Ж.Нышанов, Е.Бектұрғанов, Қ.Татыбаев) белгілі себептермен  келе алмады. Сессия мәжілісіне аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудан әкімдігі дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

                «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясын №8 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы Х.Әшірбеков ашып, жүргізіп отырды.

Кезектен тыс сессиясының қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылды:

       1. Төлеби  аудандық  мәслихатының  2016  жылғы  11 мамырдағы №3/15-VІ «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

      2. Төлеби ауданының әкімшілік-аумағын басқару схемасын  бекіту туралы.

      3. Төлеби  аудандық  мәслихатының  2017  жылғы  25  желтоқсандағы №21/109-VІ «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

     4. Төлеби  аудандық  мәслихатының  2017  жылғы  28  желтоқсандағы №22/124-VІ «2018-2020 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың аппарат басшысы А.Абдрахманов хабарлама жасады (хабарлама қоса тіркеледі).
 

28/155-VI

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі ережесінің  9 тармағындағы Оңтүстік Қазақстан облысы деген сөз «Түркістан облысы» деп өзгертілсін.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімінің аппарат басшысы Е.Қадырбеков хабарлама жасады (хабарлама қоса тіркеледі).

                                                                                                                 28/156-VІ                                                                      

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  6  бабына  сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        1. Аудан әкімі ұсынған Төлеби ауданының әкімшілік-аумағын басқару схемасы  №1  қосымшаға  сай  бекітілсін.

        2. Төлеби  аудандық  мәслихатының  2010  жылғы  11қаңтардағы №23/163-ІV «Төлеби ауданының басқару схемасы туралы»  шешімінің күші жойылсын.

Күн тәртібіндегі үшінші, төртінші мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов хабарлама жасады (хабарлама қоса тіркеледі).

Ұсыныс: Мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров – Қала, ауыл округтердің құжаттарының дұрыс болмауына байланысты үшінші, төртінші мәселелер бойынша үзіліс жариялаймыз, қашан құжаттарыңыз заңды түрде болады, сол кезде қарайтын боламыз.

Сессия төрағасы Х.Әшірбеков – Үзілісті жариялау бойынша аталған үшінші, төртінші мәселелер бойынша ұсыныс бар. Жергілікті өзін-өзі басқару заңының шеңберінде 15 күндік үзіліс жарияланады. Егер атқарушы билік өз тарапынан жұмыстарын бітірген жағдайда бізге хабарын берсе, сессияға дейін  қайта шақырылатынын сіздерге ескертеміз.

Ұсыныс депутаттар тарапынан дауысқа салынып, 15 күндік үзіліс жарияланды.