29.08.2018

Азаттығымыздың айқын айғағы Конституция күні кең көлемде аталып өтті.

Конституция – болашақ табыстар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі. Сондықтан, Заң бойынша өмір сүру және Заңды құрметтеу – әр азаматтың борышы.

Бүгін Төлеби ауданында ҚР Конституциясының 23 жылдығына арналған мерекелік салтанатты іс - шара өтті.

Оған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудан прокуроры Дәулет Тілемісов,  ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.

- 1995 жылы Конституцияны бірауыздан қолдап, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен ерік-жігерінің арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатырмыз. Сонымен қатар, біз өзіміз бен келешек ұрпағымыздың жарқын болашағын құрдық.

Салтанатты шарада өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ел тұрғындары «Алғыс хатпен» марапатталды. Мерекелік шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.