01.10.2018

1 Қазан – Халықаралық қарттар күні

      Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. 1 қазан –Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай «Нұр Отан» партиялық фракциясының төрағасы Қ.Қансейтовтың бастауымен, аудандық мәслихаттың №2 сайлау округінен сайланған депутат Т.Манкеевтің демеушілігімен бір топ қарияларды Түркістан облысы Байдібек ауданында орналасқан, күш атасы – Қажымұқан мұражайы, Бәйдібек баба мен Домалақ ана кесенелерін аралап шықты. Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан, саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын! Іс-шараны ұйымдастырған, демеушілік жасаған мәслихат депутаттарына ақсақалдар мен ел ағалары алғыстарын білдіріп, баталарын берді.