05.10.2018

Ұстаздар күні аталып өтілді.

      Жыл сайын дəстүрге айналған ұстаздар күні биыл ерекше аталып өтті. Аудандық мəдени-сауық орталығының ұстаздар күніне арналған мерекелік шарасына білім саласына қатысы бар, барлық аудан халқы жиылды.
Ұстаз-өмірдің шамшырағы! Осы бір керемет атауды арқалаған жандарға ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де қарыздар. 《Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана, жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан …білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бəсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала》- деп, Елбасымыз айтқандай, егемен елдің болашағын нұрландыратын , тəуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тəрбиелеуші мұғалімдердің кəсіби мерекесі бүгін аудандық мəдениет үйінде аталып өтті. Ұстаздар күніне арналған іс-шараға аудандық мəслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров, аудан əкімі Б.Омарбеков сонымен қатар ауыл əкімдері, аудандағы барлық орта білім беру ордалары мен балабақшаларының басшылары мен мұғалімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. Сондай - ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты шараның соңы аудандық өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде əзірленген консерттік бағдарламасына ұласты.