04.03.2016

Ақпараттық хабар

    2016 жылдың 04 наурызында  Төлеби аудандық мәслихатының кезекті елуінші сессиясы болып өтті.

        Сессияның жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Д.Айтбаев ашып, жүргізіп отырды.

  Төлеби аудандық мәслихатының бесінші шақырылымындағы кезекті елуінші сессиясының күн тәртібінде: 

     Аудан халқын жұмыспен қамту туралы Төлеби аудандық жұмыспен қамту орталығының жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы;

       Төлеби ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы; 

       Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы;

      Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы;

      «Б» корпусындағы Төлеби ауданы мәслихат аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін  бағалаудың әдістемесін бекіту туралы;

        Төлеби  аудандық  мәслихатының 2014 жылғы  18 сәуірдегі  №30/144-V «Төлеби аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

      Төлеби  ауданындағы  мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сауда-саттық (аукцион) арқылы сату үшін жер телімдерінің аумағын белгілеу туралы  мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.