12.10.2018

Ауданда "Алтын күз - 2018" мерекесі аталып өтті.

        Төлеби ауданында ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз-2018» мерекесі аталып өтті. Оған шаруалар мен дихандардан бөлек ауылшаруашылық саласының ардагерлері, еңбек озаттары қатысты. Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен шаруашылық техникасы және асыл тұқымды мал көрмесін ұйымдастырды. Салтанатты шараға, аудан әкімі Б.Омарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген шаруалар мен ауыл әкiмдерiн, мекеме басшыларын арнайы сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Аталған жәрмеңкеде киіз үйлер тігіліп, ауыл еңбеккерлері өндірген өнімдерден ұлттық тағамдар әзірленді. Жәрмеңке мәдениет үйінде салтанатты жиынға жалғасты. Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.