27.11.2018

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті

   Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз екінші сессиясына аудандық мәслихатқа сайланған 17 депутаттың 14 қатысып, 3 депутат (Р.Сайлауұлы, М.Ермаханбетова, Ә.Әмірәлиев) белгілі себептермен қатыса алмады. Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық дербес бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері,  БАҚ өкілдері қатысты.

   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс отыз екінші сессиясын №9 сайлау округінен сайланған депутат, сессия төрағасы Қ.Қансейтов ашып, жүргізіп отырды.  

    Кезектен тыс сессиясының қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылды:

   1.Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/109-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    2.Төлеби ауданының жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифіне келісім туралы.

    3.Төлеби ауданының Құрмет громатасымен марапаттау туралы.

    Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов хабарлама жасады.

     Хабарламашыға сұрақтар қойылмады.

   Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Оспанов хабарлама жасады.

   2007 жылы аудан көлемінде жолаушылар тасымалдау үшін 2 теңге 80 тиын қылып бір шақырымға бекітілген болатын, ол уақытта жанар майдың құны 45 теңге болған, одан бері 11 жыл өтті қазір жанар майдың бағасы 155 теңгенің төңірегінде болып отыр.  Біздің аудан аумағында орта есеппен есептегенде жолаушылар тасымалдау бойынша бір шақырымға 6 теңге 90 тиын болып отыр, бірақ біз халықтың жағдайын ескере отырып 5 теңгеге тоқталғандығы жөнінде ұсынысын білдірді.

     Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша тұрақты комиссияның төрағасы С.Құлманов хабарлама жасап,  ауданға сіңірген еңбегі және қоғам өмірінің тиісті салаларындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін және Президент күніне орй 16 азаматқа Төлеби ауданының Құрмет громатасын беруге ұсыныс жасағанын айтты.