16.01.2019

Депутаттардың сайлаушылар алдындағы 2018 жылда атқарған жұмыстары туралы есебі.

   Бүгін жергілікті әкімдердің жыл сайынғы есепті кездесулері аясында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі З.Сахов және Қасқасу ауылдық округінің әкімі Т.Қамытбеков ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Оған осы округтерден сайланған депутаттар қатысып, 2018 жылы мәслихатта атқарылған жұмыстары менен, депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру барысында тиісті округтерде атқарылған жұмыстары жайлы есептерін берді.
   Атап айтқанда, Қаратөбе ауылдық округіндегі елді мекендерге (Төңкеріс, Ханарық, Қостөбе, Майбұлақ) Р.Сайлауұлы, сондай-ақ Қасқасу ауылдық округіндегі елді мекендерге (Керегатас, Кеңесарық) Т.Манкеев қатысты.
   Кездесу барысында ауыл тұрғындары үшін маңызды ауыз су мәселесі, жарық бағаналары және Төңкеріс ауылына фудбол алаңшасы сонымен қатар канал мәселелері сөз болды.