11.03.2019

Қайырымдылық жасай білейік!

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады.

Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Осыған орай аудандық мәслихаттың депутаты Е.Бектұрғановтың демеушілігімен Зертас ауылдық округінде жағдайы төмен отбасыларды қолдауға байланысты қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында тұрмыс жағдайы төмен  отбасыларға үйге қажетті ұн, май, макарон, картоп секілді азық – түліктер берілді.