20.03.2019

Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!



Әз Наурыз – Ұлыстың ұлы күні шуағын шашып келгенде бүкіл тіршілік атаулыға жан бітіп, ерекше күйге енеді.
Күні мен түні теңескен Наурыз – жаңару мен жасару айы. Жаңа жылдың жаршысындай болған бұл күнді халқымыз ақ тілеудің, пәк пейілдің күні деп бекер айтпаса керек.
Күллі тіршілік атаулыға нәр беретін шуақты шақ – көктемде келетін осы айтулы мейрамның талай ұлт пен ұлысқа ыстық ұя болған еліміз үшін алатын орны ерекше.

Қадірлі жерлестер!
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерге және жанұяларыңызға шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және алдағы жұмыстарыңызға табыстар тілеймін!


Ізгі ниетпен,
аудандық мәслихат хатшысы
Н.Қойбағаров