09.05.2019

ЖЕЛБІРЕ, ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді бүгінгі қасиетті мереке - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты бастан өткерді. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты - ұрпақтарының, яғни біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жанын пида еткен шейіттерді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету - біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы. Бұл сұрапыл соғыс халқымыздың басына көп қиындық әкелді. Соған қарамастан ардагер ағаларымыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғарғы үлгісін көрсетті. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге.

Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді.

Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан, күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар  жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Бұл тарихқа алтын әріппен жазылды.

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Бұл мереке - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуімен ел ордамыздың гүлденуі де – осы мерекенің жемісі.

Қымбатты жерлестер баршаңызды Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,

Төлеби аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров