07.08.2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА КЕЛДІ

         Ағымдағы жылдың 7 жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Әбдікерімұлы Бектаев пен Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев ауданымызға арнайы келіп, ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен Сенат депутаттары аудандағы ірі кооперативтердің бірі «Қазығұрт бақтары» алма бауына және «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» әулиелі жеріндегі салынған қонақ үйіне барып, ондағы жұмыстарымен танысып қайтты.

         Сенат депутаттарының Төлеби ауданына жұмыс сапарының қорытындысымен аудан әкімдігінің конференц залында облыстық мәслихаттың депутаты М.Төлтебаев және аудан депутаттары, аудан әкімінің орынбасарының қатысуымен мәжіліс өтті. Мәжілісті аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды.

          Жалпы жиында ҚР Праламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікерімұлы сөз алып, Парламент тұсында қабылданып жатқан Заңдарға өзгерістер енгізілгенін, ол Заңдардың орындалу барысы жайлы қысқаша айтып өтті. Соның ішінде елімізде болып жатқан жағдайларға, әлеуметтік салаларға, егін экономикасына қатысты бірнеше Заңдарға тоқталып өтті.

           Жиын соңында депутаттар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.