16.09.2019

Аудандық мәслихаттың біріккен мәжілісі өтті

Бүгін, яғни қыркүйек айының 16 жұлдызында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияда депутаттар кезектен тыс 44 сессиясының күн тәртібіндегі енгізілген мәселелерді талқылап, пысықтады. Атап айтқанда:

Төлеби  аудандық  мәслихатының  2018  жылғы  20  желтоқсандағы №34/189-VІ «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне  өзгерістер енгізілді. 2019 жылға арналған бюджеттің жалпы кірістері мен шығыстарының жобасы 21 407905,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 116,7 млн теңге үнемделген қаржы тиісті бюджеттік бағдарламалардың өтінімдеріне қарастыруға ұсынылды.

Екінші мәселе бойынша №7 сайлау округінен сайланған депутат  М.Жұмабаев  Алатау ауылдық округінің әкімі болып сайлануына байланысты      депутаттық өкілеттілігін  мерзімінен  бұрын тоқтатуы сессияның күн тәртібіне енгізілді.

Төлеби  аудандық  мәслихатының  2019  жылғы  10  қаңтардағы №36/199-VІ «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімінде сайланған бірқатар сайлау комиссияларының мүшелері қайтыс болуы және өз өтініштеріне байланысты комиссия құрамынан шығу туралы мәселе пысықталды.