17.09.2019

Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтті

Бүгін алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс  қырық төртінші сессиясы өтті. Оған №13 сайлау округінен сайланған депутат Ә.Әміралиев төрағалық етті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық ұйымдардың төрағалары, кейбір ауылдық округінің әкімдері, аудан әкімдігі дербес бөлімдерінің басшылары, мекеме басшылары және мектеп директорлары қатысты.

Кезектен тыс сессияда Төлеби аудандық  мәслихатының  2018 жылғы  20  желтоқсандағы №34/189-VІ «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданып, бюджеттің кірісі мен шығысы 21 407905,0 мың теңге болып бекітілді. Бағдарлама әкімшілерінен үнемделген 116,7 млн теңге қаржы сұраныс жасаған бюджеттік бағдарламалардың өтінімдеріне жұмсау қарастырылды.

 Екінші мәселе бойынша депутат Жұмабаев  Мақсаттың  өкілеттілігі  мерзімінен  бұрын тоқтатылды.

Үшінші мәселе Төлеби  аудандық  мәслихатының  2019  жылғы  10  қаңтардағы   №36/199-VІ «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, 19 азамат сайлау комиссиялары мүшелігінен босатылды.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша ауданда санитариялық-гигиеналық тазалықтың сақталуы, ол бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының хабарламасы тыңдалды.