01.12.2019

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқының мәртебелі мерекесі. Бұл – тарихи таңдау күні, барша отандастарымыздың Ұлт көшбасшысы төңірегіне топтасу күні.

Биыл Отанымыз сегізінші рет мемлекеттік мереке Тұңғыш Президент күнін атап өткелі отыр. Президенттік билік пен тәуелсіздіктің 28 жылдық тәжірибесі Қазақстан үшін осы басқару формасының тиімді екенін дәлелдеп, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия өңірі мен ТМД-да алдыңғы орынға шықты. Әлеуметтік – бағдарлы экономикалық бағыттағы бастамаларымыз заманауи, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз етті.

Осыдан 22 жыл бұрын Президентіміз ел дамуының даңғыл жолын байыптайтын ұзақмерзімді «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасын ұсынғаны мәлім. Салмақты құжатта өткен күндер бағамдалып,болашақ еншісіндегі іргелі істер межеленді. 1997 жылы осы бағдарламаны жария еткенде Елбасымыз: «Біз нені құрғымыз келеді, таңдаған мақсатымызға жеткізетін дамуымыздың траекториясы, магистралі қандай болуы тиіс, соны анық білуіміз және айқын түсінуіміз керек» деген еді. Айтқаны айнымай келді. Қазақстан халқы аянбай еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы көш бастап келеді.

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалалары – кеше де, бүгін де, болашақта да маңызын жоймайтын ізашар тұғырнама. Еңбек арқылы нәтижеге жетудің жолын, жүйесін көрсетті. Мысалы, осыдан туындаған «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы, оның бес жылға ұзартылуы, «Әлеуметтік бес бастама» халыққа берері өлшеусіз деп білеміз.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты тұжырымдамалық мақала – ұлттық абырой бастауын нұсқайтын, елді елді өнеге өрісіне бастайтын жол, жаңғырған Қазақстанның баянды бағдары.

Осыдан бір жыл бұрын – Елбасы Түркістан облысының атауын өзгерту мен оның орталығын Түркістан қаласы деп бекіткені белгілі. Бұл – тарихи шешім болды.

Түркістан - шын мәнінде қазақ хандығының астанасы болған, тарихы тереңде жатқан шаһар. Нақтырақ айтқанда, қазақ елінің рухани жүрегі, қазақтың көптеген аяулы перзенттері мәнгіге жай тапқан қасиетті мекен. Бұл қалада ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген. Осында жерленген 164 әйгілі тұлғаның 21-і ел басқарған қырандар, 30-дан астамы қол бастаған билер екенін ескерсек, шешімнің дұрыстығына тағы да көз жеткізе түсеміз.

Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалаушы – Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысының болмысында ұлтымыздың асыл мұраттары мен әлемдік және ұлттық өркениет жетістіктері тоғысқан. Қазақстан халқы үшін күн-түн демей жанын шүберекке түйіп, сол кемелдікке абыроймен жеткен әрі өркениеттік, әрі жасампаз тұлға. Мұны дүниежүзі сарапшылары айтады, біз оған мақтанышпен қуанамыз.

Уважаемые Толебийцы!

От всей души поздравляю вас с государственным праздником с Днем Первого Президента Республики Казахстан!

День Первого Президента – это день исторического выбора и день народного единства и согласия в Казахстане. Первый Президент нашей страны навсегда вошел в историю как человек, с именем которого связаны все достижения суверенного Казахстана, как выдающийся политик мирового масштаба, вся деятельность которого является ярким примером служения своему народу, своей Родине.

В этот торжественный день искренне желаем всем крепкого здоровья, мира и добра. Пусть всегда процветает наша Родина – Республика Казахстан.

Құрметті аудан тұрғындары!

Елдік мақтаныш, әлемдік мерей баянды болсын. Сіздерді сенім мен ізгі тілектің бастауы болған – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!