09.11.2020

ДЕПУТАТТЫҢ НАЗАРЫНДА

Жоғары Ақсу ауылдық округі Мәдени ауылына, Майбұлақ елді мекенінен ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы атқарылған жұмыстардың сапасын көру мақсатында сол округтен сайланған депутат Д.Айтбаев ауыл әкімімен бірге аралап шықты.

Нысанды аралау барысында жер қазу жұмыстарының толық аяқталғанына көз жеткізілді. Бұл жұмысқа 8 адам 4 техника жұмылдырылған. Ханарық ауылынан Майбұлақ елді мекеніне дейінгі қазылған жер, жердің қыртысы тас болып шыққандықтан, мердігер мекемеге топырақ салу жұмыстарына сын ескертпелер айтылды.