04.02.2021

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Л.Серікбаевтың Төлеби ауданы халқы алдындағы 2020 жылдың қорытындысы және алдағы міндеттері туралы қорытынды есебі

  Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Л.Серікбаев «Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындысы мен алдағы міндеттері туралы» қорытынды есебін берді. Есеп беру мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, қала, ауыл округтерінің әкімдері, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары,  сонымен қатар   қала, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері  қатысты.

  Пандемия кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында есеп беру кездесуі онлайн форматта өткізіліп, оған аудан тұрғындары Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн түрде тікелей қосылды.

  Екі аптаға созылған аудан әкімінің тұрғындар алдындағы қорытынды есептік жиынында бірнеше сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер айтылып, оған аудан әкімдігімен қала, ауылдық округі әкімдері және аудандық мәслихат депутаттары назарға алып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқаратын болады.

   Жалпы аудан тұрғындары, аудан әкімінің есебіне оң баға беріп, жаңа жетістіктерге жетсек деген тілектестігін, сенімін білдірді.

   Осы орайда атқарушы билікпен мекеме басшыларына, алтыншы шақырылымдағы мәслихат депутаттарына және аудан тұрғындарына өз алғысымды білдіремін.

 

 Аудандық мәслихат хатшысы                   Н.Қойбағаров