07.04.2016

Қоғалы ауылдық округіндегі сайлаушылармен кездесу.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров  07 сәуір күні   Қоғалы ауылдық округінде елді мекендердің жұмысымен танысып халықпен кездесу өткізді.

        Жиынға осы округ аумағынан сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары Т.Манкеев пен Д.Айтбаев,  мәслихат аппартының басшысы А.Абдрахманов, ауыл округі әкімі аппаратының қызметкерлері сонымен қатар ауылдық ардагерлер ұйымының төрағалары, (ауыл ақсақалдары),  жергілікті қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, жергілікті полиция өкілдері, мектеп басшылары мен ФАП меңгерушілері және Қоғалы ауылдық округінің халқы қатысты.

         Халықпен басқосу мәжілісін ауыл әкімі Ж.Опышев ашып, жүргізіп отырды.

         Мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров елді мекендерді аралап, халықтың, сайлаушылардың мұң-мұқтажын тыңдап олардың шешілуіне ықпал ету мақсатында халықпен кездесуге келіп отырғандығын айтты.

         Жаңа шақырылымдағы мәслихат пен оның құрылымдарының, сайланған депутаттардың құзыры мен міндеттері, өкілеттіктері және алдағы уақыттарда атқарылатын іс-шаралардың жоспарлары туралы сөз қозғады.  

           Кездесу сұрақ жауап түрінде жалғасты.

       Қоғалы ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Т. Қожабеков жаңадан сайланған мәслихат хатшысын құттықтап,  Ұзынарық елді мекеніндегі ең өзекті мәселе – ауыз су мәселесіне  тоқталды. Ауылда 1993 жылдан бері ауыз су жоқ. 2009 жылы бір ұнғыма қазылды, одан бүгінгі таңда 40 үй су ішеді.  Кейін «Өгем» қоғамдастығы тендерді ұтып алып, ауылдың орта тұсынан  ұңғыма қазып су шығарды. Бірақ халық толық ауыз сумен қамтылмады себебі алынған құбырлар  жарамсыз болып шыққандықтан оларды   ауыстыру керек, соған қаржы бөлуге ықпал етуді, ауыл тұрғындарына тас, топырақ алатын жерді белгілеп беруді және көшені жарықтандыру мен ауылдың ішкі көшелерін жөндеп беруге қаржы бөлуді сұранды.

      Диханкөл ауылының имамы - Н.Жайлаубаев Диханкөл ауылындағы өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, жаңадан түскен көшелерге талапқа сай бағана тартып, жарық жүргізу, сол көшелерге тас төсеу, және ауыл бойынша тозығы жеткен ауыз су құбырларын ауыстыру мен ағын су мәселелері шешілсе- деді.

         Диханкөл ауылының тұрғыны, көп балалы ана Ж. Амангелдиева  «Алтын алқа» иегері, 7 бала тәрбиелеп отырғанын, оның үшеуі студент, күйеуі мүгедек, жұмысқа жарамайтынын айтты, Солай бола тұра жылда алып жүрген әлеуметтік жәрдемақыдан шеттетілдім,  соған жәрдем берсеңіздер екен -деді.

            Диханкөл жалпы орта мектебінің директоры Ә.Абдыкеримов мектепке абаттандыруға қаржы қарастыруын сұранды. Мектеп 1981 жылы салынған, содан бері 2012  жылы тек шатыры ауыстырылған, күрделі жөндеуге қаржы қарастыруға ықпал етуді сұранды.

            Аудандық мәслихаттың депутаттары Т.Манкеев пен Д.Айтбаев ауыл округінлегі өзекті мәселелерден хабардар екенін және әңгімеге арқау болып отырған мәселелерді (ауыз су, жол, электр бағаналары мен көшелерді жарықтандыру ағын су т.с.с) мүмкін болғанша шешуді қолға аламыз- деді.

            Көтеріліп отырған шаруаларды тиісті мекеме басшылары мен билік органдарының лауазымды тұлғаларының назарына жеткізетіндіктерін, жалпы сайлаушылармен бірге тығыз қарым – қатынас орната отырып бірлесе атқаратындықтарын айтты.