17.03.2021

Бүгін Төлеби аудандық мәслихатының VII-шақырылымындағы кезекті үшінші сессиясы өтті

 

Сессияға аудан әкімі Т.Телғараев, аудан әкімі орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қоғамдық кеңестің төрағасы және БАҚ өкілдері қатысты.

Оны аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды. Мәслихаттардың жұмысын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында сессия тікелей эфирде көрсетілді.

Кезекті сессияда депутаттар: жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен өзін – өзі жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебі тыңдалып депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Одан кейін, Төлеби ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы және Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №59/322-IV «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарламаны аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов жасады. Сондай – ақ, Төлеби ауданының әкімшілік-аумағын басқару схемасы туралы; аудан әкімдігінің дербес құрамына енгізілетін өзгерістерге келісім беру туралы; аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы; аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы; Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №43/228-IV «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Төлеби аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы №43/227-IV «Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, сонымен қатар, мәслихат аппаратының құрылымына өзгеріс енгізу және аудандық жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралып, бекітілды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша аудандық мәслихаттың алдағы болатын сессия төрағасы болып, депутат Б.Өмірәлі сайланды.