06.04.2016

Тасарық ауылдық округіндегі халықпен кездесу.

          Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы Нұрлан Қойбағаров    2016 жылдың   6 сәуірінде Тасарық  ауылдық округіндегі ауылдық клубта халықпен кездесу өткізді.            Жиынға аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Абдрахманов,осы округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары Д.Айтбаев,Р.Сайлауұлы, ауыл округі әкімінің аппараты, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағалары,жергілікті полиция қызметкерлері, мектеп басшылары мен ФАП меңгерушілері және ауыл тұрғындары қатысты.

             Мәжілісті Тасарық ауыл округінің әкімі М.Дүйсебаев ашып, жиналысқа қатысып отырған аудандық мәслихаттың хатшысын және жаңадан сайланған мәслихат депутаттарымен таныстырды.  Ауыл әкімі 2015 жылы атқарған жұмыстары мен 2016 жылы атқарылатын жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті.

            Келесі сөз кезегін алған аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров ,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының    2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы негізінде аудандық мәслихатта  31 наурыз  күні ауыл әкімдерінің жұмысымен танысу, ауыл тұрғындарымен кездесу кестесі бекітілгенін және бекітілген кестеге сәйкес Тасарық ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындарымен кездесуге келіп отырғанын айтты.Сонымен қатар ол аудандық мәслихат хатшысына жаңадан сайланғанын, сайланғанға дейін атқарған қызметіне, алдағы аудандық мәслихаттың атқаратын жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті.

              Тасарық а/о ардагерлер кеңесінің төрағасы Монтай Спаналиев  жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров  және  осы округтен сайланған депутаттар Д.Айтбаев пен Р.Сайлауұлын  депутат болуларымен құттықтап,  халықтың мүдделерін қорғап, елдің көркейе беруіне үлес қоса беруіне тілек білдіріп, Оңтүстік,Жамбыл ауылдарындағы ФАП-тар  мен  «Таш» каналын күрделі жөндеуден өткізуге ықпал ету туралы ұсыныс айтты.

       Ханарық ауылының ақсақалы Тойчибаев Шакарим  - Жас отбасыларға тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін беру, Ханарық ауылының клубын жөндеу және  бала-бақша салу жөнінде мәселелер көтерді.

Жамбыл ауылының ақсақалы Нұрмахан Оңғарбаев – Өткен жылы ғана пайдалануға  берілген  ауыз су жүйесі көктем басталғалы ішуге жарамсыз болғанын айтып, су  жиналатын құдықтарға тазалағыш қондырғылар орнату туралы ұсыныс тастады. 

Тасарық клубының меңгерушісі Сүйеубек Жаңабаев – Үйдің құжаттары мен жер учаскелерінің құжаттарын рәсімдеу кезінде  көптеген кедергілер кездесетіндігін айтып, барлық құжаттарды рәсімдеу Халыққа қызмет көрсету орталығына берілсе деген ұсыныс айтты.