14.04.2021

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, әкімшілік – аумақтық құрылым және қоғамдық өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

 

Тұрақты комиссияда ауданда мал басын аман сақтау, жұқпалы індеттер мен түрлі ауруларға жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралардың атқарылуы барысы туралы «Төлеби мал дәрігерлік» МКК мекемесінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәселе қаралып, талқыланды. Мәжілісте айтылған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша тамыз айында қайта қаралу көзделді.