15.04.2021

Депутаттармен семинар кеңес өткізілді

Ағымдағы жылы сәуір айының 14 күні аудандық мәслихат депутаттарымен Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы бойынша онлайн форматында, «Whatsapp» желісі арқылы семинар кеңес өткізілді. Семинар барысында аталған заңның талаптарына сәйкес, азаматтарға мемлекеттен тұрғын үйдің берілуі, тұрғын үйге кезекке тұрудың тәртібі, тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тарту, сондай-ақ тұрғын үй кезегінен азаматтардың алынып тасталынуы сияқты т.б мәселелер жан-жақты түсіндіріліп, депутаттар арасында өзара пікірлер алмасылды.