18.05.2021

Аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров “Басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарға қатысушылар” Қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда ұрыс қимылдарға қатысқан азаматтардың біржолғы материалдық көмектің төмен екендігін және өздерінің ауданда өтіп жатқан шараларда назардан тыс қалып отырғандықтары жайлы пікірлерін жеткізді. Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтеріп отырған мәселелердің маңызды әрі орынды екендігін және берілетін бір реттік көмектің көлемін көтеруді қолдап, оны заң талабы шеңберінде алдағы болатын сессияларда қолдау табатындығын сөз етті. Сонымен қатар, ауданда өтетін іс-шараларға міндетті түрде шақырылатынын айта келе, ұрыс қимылдарына қатысқан азаматтардың жесірлеріне көмектесу мақсатында олардың балаларын жазғы демалыс лагерлеріне жіберу мәселесі де шешімін тапты. Қабылдауға келген ардагерлер көкейінде жүрген сұрақтарына мардымды жауап алып, алғыстарын білдірді.