18.05.2021

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

 

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, жергілікті полиция бөлімінің басшысы, санитарлық эпидемиялық бақылау басқармасының басшысы, аудандық, қалалық ауруханалардың, қалалық емхананың бас дәрігерлері, барлық қала, ауылдық округ әкімдері ZOOM бағдарламасы арқылы қатысып отырды.

Мәжілісте «Ауданда коронавирус пандемиясына байланысты халыққа медициналық сапалы қызмет көрсету және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қолданып отырған шаралар туралы» мәселені талқылады.

Бұл мәселе бойынша тұрақты комиссия, денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына халықтың шұғыл медициналық көмекке қол жеткізу деңгейін арттыру, денсаулық сақтаудың пәрменді жұмыс істейтін тетігін қалыптастыра отырып, аумақта қалыпты эпидемиялогиялық ахуалды орнықтыру;

- айналадағылар үшін аса қауіпті коронавирус ауруларының пайда болуы мен дамуының алдын алудың емдеу профилактикалық шараларын жандандыру;

- аудандағы инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарлық бос орындар туралы ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қол жетімді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттауды жалғастыру керектігін ұсынды.

Сонымен қатар, атқарушы билікке халық көп шоғырланатын жерлерде әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, санитарлық - эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын кеңінен түсіндіру;

- дәріханаларға бағаның көтерілуі мен дәрі-дәрмектің сатылуын шекті мөлшерден асырмау және жетіспеушілігін болдырмау;

- демеушілер арқылы келген гуманитарлық көмектердің тиісті орындарға уақтылы және толық жеткізілуін, дәрілік препараттардың қажетті мөлшерде сақталынуына жете мән беруді ұсынып, тиісті қаулы қабылданды.