14.05.2021

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

 

Мәжілістің күн тәртібінде Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы мәселе қаралып, онда алдағы жылдарға қабылданған ауданның 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысында кемшіліктерге жол бермеу;

- түрлі бағыттағы бағдарламалардың орындалуын жүзеге асыру олардың талаптарында көзделінген көрсеткіштерге қол жеткізуге жұмыстар жүргізіу;

- бағдарламаның орындалу барысында, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қол жетімді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау жайлы ұсыныстар айтылып, қаулы қабылданды.

Одан кейін, 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жайлы мәселені қарау барысында туындаған сұрақтар бойынша талқылау және қала, ауылдық округтерінің 2020 жылға араналған бюджеттерінің орындалуы туралы мәселелері қаралып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, талқыланды.