09.05.2021

ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ! ҚАДІРМЕНДІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

 

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Өшпес ерлік пен қаһармандықтың арқасында қол жеткізген Жеңіс – оңайға түскен жоқ. Мыңдаған қазақстандықтар майдан даласында жанын қиып, оқ пен оттың ортасында қан кешкен аға ұрпақтың жанкешті ерлігінің, ерлермен бірге иығына түскен ауыртпалық жүгін қайыспай көтерген тылдағы әйелдер мен жасөспірімдердің тынымсыз еңбегінің арқасында Жеңіс жалауы желбірегенін біз ешқашан ұмытпаймыз.

Ардақты ардагерлерімізге, тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, ерлігін есте ұстау – біздің перзенттік парызымыз. Бұл бағытта мемлекетіміз тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Сіздердің ерліктеріңізбен ерен еңбектеріңізге біз әрдайым бас иіп, тағзым етеміз.

ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Аспанымыз әрдайым ашық болып, бейбіт өміріміз берекеге толсын.

Ізгі ниетпен,

аудандық мәслихат хатшысы

Н. Қойбағаров