22.05.2021

ТӨЛЕБИЛІК ДЕПУТАТТАР ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮРЛЕНУІНЕ АТ САЛЫСУ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ ДЕП САНАЙДЫ.

 

Аудандық мәслихаттың, Экология және табиғат ресуртарын тиімді пайдалану, әкімшілік аумақтық құрылым, қоғамдық өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының ұсынысымен мәслихаттың басқада тұрақты комиссияларының біріккен көшпелі мәжілісі Түркістан қаласындағы Төлеби ауданының уақытша йелігіндегі №8 аймағында өтті. Көшпелі жиынға аудан әкімінің орынбасары Қ. Мылтикбеков және мердігер мекеме "Асыл құрылыс Компаниясының" басшысы А.А.Абсаматов қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде бір мәселе қаралды.

Ол, Төлеби ауданының уақытша қарауына берілген Түркістан қаласындағы №8-ші аймақта "Жасыл желектерді отырғызу мен оларды күтіп ұстау, баптау жұмыстарының барысы туралы" болды. Көшпелі жиын №8-ші аумақтағы 11 көшенің және Абақ батыр мен Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы демалыс алаңшасының бойында өтті.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Қанат Мылтикбеков пен мердігер мекеме басшысы Аңсар Абсаматов хабарлама жасады.

Баяндамашыларға орындалып жатқан жұмыстар төңірегінде, атап айтқанда, егілген 7000 -ға жуық әртүрлі ағаштардың біразының көгермей қалуына байланысты және суғару жүйесінің құрылысындағы сапасыздық тұстары бойынша депутаттар көптеген сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлер айтты. Бүгінгі таңда басты өзекті мәселенің бірі болып саналатын, суландыру жүйесіндегі қондырғылардың орналасып бітпей тұруының себептері қызу талқыға түсті. Қазылған су ұңғыларының да әлі күнге дейін іске қосылмағандығы атап көрсетіліп ескерту жасалды. Депутаттар мердігер мекеменің жұмысшыларымен де кездесіп, бір біріне сұрақтар қою арқылы пікір алмасты. Жиын соңын қорытындылаған аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров Түркістан қаласы тек облыс орталығы емес, бүкіл түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы екендігін айта келіп, қаланы дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасындағы бір бағыт ол - қала құрылысындағы көгалдандыру мәселесі екендігін атап өтті. Осы кезекте Түркістан қаласын түрлендіруге атсалысу әрбір азаматтың парызы болып саналатынына назар аудартты. Мердігер мекеменің басшысынан су жүйелерінің жүргізу жұмыстарын сапалы орындалуын талап ете отырып, депутаттарға шешім қабылдауда атқарылған жұмыстарды ай сайын қарап шығу арқылы бақылауда ұстау керек деген ұсынысты жасады.

Сонымен қатар, аталған аймақта жұмыс істеп жүрген мердігер мекеменің жұмысшыларына Түркістанды түрлендірудегі еңбектері үшін рақмет айтып, алты жұмысшыны аудандық мәслихаттың грамотасымен марапаттады. Депутаттар баяндамашылардың хабарламасын назарға ала отырып, айтылған сын-ескертпелермен ұсыныстардың негізінде шешім қабылдады.