04.06.2021

Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!

 

Баршаңызды 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!

Қай мемлекеттің де мәртебесіне, халқының рухына, абыройы мен намысына сол елдің мемлекеттік рәміздері тікелей әсер етеді. Өйткені, ұлттық нышандарымыздың өн бойында біздің сан ғасырлық тарихымыз, бабаларымыздың жүріп өткен сан тараулы, қилы кезеңді ерлік жолдары жатыр, бір кездері өркениет ордасына айналған ұлы даланың тынысы тұр.

Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер – егіз ұғым. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егеменді мен тәуелсіздігін әлемге танытатын, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Сондықтан біздің әрбіріміз Отанды қалай құрметтеп, елімізді қалай сүйе алсақ, мемлекеттің нышандарын да сол дәрежеде қастер тұтып, құрметпен қарауға тиіспіз.

Құрметті жерлестер!

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Бірлігі жарасқан тәуелсіз еліміздің қасиетті туы мәңгі желбіреп, әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.

Ізгі ниетпен,

аудандық мәслихат хатшысы                                                                      Н.Қойбағаров