30.07.2021

Бүгін Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті.

 

Сессияға аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы өз орынбасарларымен, мәселеге қатысты дербес бөлім басшылары, қала және ауыл округ әкімдері қатысып отырды.

Кезектен тыс сессияда: Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 маусымдағы №5/32-VІI "Аудандық мәслихаттың алдағы болатын кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы" шешімнің күшін жою туралы; Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы №3/15-VII "Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу; Төлеби аудандық жер комиссиясының Ережесін бекіту туралы, сондай-ақ, Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы №3/21-VII "Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралып, бекітілді. Одан кейін, Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №54/322-VI "2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін тағыда зерделеніп, талқылану қажет екені айтылып, үзіліс жариялансын деген шешім қабылданды.

Сессия тікелей эфирде көрсетілді.