30.07.2021

Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

 Оны комиссия төрағасы Н.Құлышев ашып жүргізіп отырды.

Мәжілісте, қала және елді мекендердің бас жоспарларының орындалу барысы жайлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Тілеубердиевтің есебі тыңдалды.

Бұл мәселе бойынша тұрақты комиссия, Ленгер қаласының бас жоспарының мерзімі 2017 жылы аяқталуына байланысты, кезек күттірмей қаржы қарастырып, бас жоспарды бекіттіруге жұмыстар атқаруға;

- жобалық құрылыс құжаттары бойынша (бас жоспар) әзірленіп жатқан жобалар «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының талаптарын қатаң сақтап, қызыл сызыққа еніп кетпеу жұмыстарын қолға алуға;

- қала және елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқаларына сәйкес, инженерлік – коммуникациялық желілерінің тиімді шешілу жолдарын қарастыру ұсынылып, Қаулы қабылдады.