03.08.2021

Бүгін Төлеби аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезектен тыс алтыншы сессиясының жалғасы өтті.

 

Бұл сессия жұмысының күн тәртібінде Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №59/322-VI "2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов хабарлама жасады.

Хабарламада аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістерді пысықтап, нақтылау барысында айтылған сын-ескертпелер назарға алынып, қала және ауылдық округ әкімдері мен жергілікті қоғамдастық жиынының мүшелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілгендігі айтылды.

Депутаттар жоғарыда көрсетілген мәселені ескеріп, аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістерді дауысқа салып, шешім қабылдады.