09.01.2022

Құрметті жерлестер! - 1

Тәуелсіз елімізде орын алып отырған келеңсіз жағдайды қайғырып үлкен өкінішпен қабылдаймыз!

Осындай ахуалға жеткізіп, еліміздің тұтастығы мен бейбітшілігіне іріткі салып отырған қаскөй ниетті топтардың іс әрекетін айыптаймыз. Сол үшін өз тараптарыңыздан әсіресе жастардың арандатушы топтарға қосылмауына ықпал жасауларыңызды сұранамыз. Елімізде орын алған адам айтқысыз көріністерге, қайғылы жағдайларға сабырлық танытып, Мемлекет басшысының халыққа арнаған үндеуінде айтылған талаптарды мүлтіксіз орындауға күш жұмылдырайық әрі осындай сын-сағаттарда Президент төңірегінен табыла білейік ағайын!

Құрметті аудан тұрғындары! Орын алған қайғылы жағдайдан зардап шегіп жатқан тек өзіміздің бауырларымыз бен отандастарымыз екенін ескере отырып, бір ауыз сөзге тоқтаған халықтың ұрпағы ретінде ел бірлігі мен амандығын, тыныштығын сақтауға жұмылайық, бұл өз қолымызда екенін ұмытпайық!

Қойбағаров Нұрлан – Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы "NurOtan" партиясының мүшесі

Оралбеков Бұхар –Қоғамдық кеңестің төрағасы, Төлеби ауданының құрметті азаматы

Шыңғысбаев Әтірхан – ардагерлер кеңесінің төрағасы, Түркістан облысының және Төлеби ауданының құрметті азаматы

 

Кемеқалған ауылдық округі:

Молдияров Молдағали –Әңгірата ауылының имамы.

Мырзатаева Ханзада – Ардагер ұстаз

Айтбаев Нұрғали – Ардагерлер кеңесінің мүшесі

Төлтаев Айтжан – Ардагерлер кеңесінің мүшесі

Байдыбеков Балдырбек – Абай ауылының имамы

Алимкулов Амантай – Ардагерлер кеңесінің мүшесі, Төлеби ауданының құрметті азаматы

Манапов Тұрғынбек - Төлеби ауданының құрметті азаматы

 

Көксәйек ауылдық округі:

Керимов Мейрбек - Ардагерлер кеңесінің мүшесі

Есимбаева Балжан – Әйелдер кеңесінің төрайымы

Дүйсебаев Расылбай – Жіңішке елді мекенінің ардагерлер кеңесінің  төрағасы

Байрамов Джайлау – Түрік халқы ардагерлер кеңесінің мүшесі

Хусейн –оглы Ахмед – Күрді халқының ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Қаратөбе ауылдық округі:

Оразов Адильбек – Төлеби ауданының құрметті азаматы

Елікбаев Көшкінбай - Төлеби ауданының құрметті азаматы

Жолаев Мықтыбай – Қостөбе ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы

Тастанов Аданбай – Қаратөбе ауылының имамы