10.01.2022

Құрметті жерлестер! - 4

Тәуелсіз елімізде орын алып отырған келеңсіз жағдайды қайғырып үлкен өкінішпен қабылдаймыз!

Осындай ахуалға жеткізіп, еліміздің тұтастығы мен бейбітшілігіне іріткі салып отырған қаскөй ниетті топтардың іс әрекетін айыптаймыз. Сол үшін өз тараптарыңыздан әсіресе жастардың арандатушы топтарға қосылмауына ықпал жасауларыңызды сұранамыз. Елімізде орын алған адам айтқысыз көріністерге, қайғылы жағдайларға сабырлық танытып, Мемлекет басшысының халыққа арнаған үндеуінде айтылған талаптарды мүлтіксіз орындауға күш жұмылдырайық әрі осындай сын-сағаттарда Президент төңірегінен табыла білейік ағайын!

Құрметті аудан тұрғындары! Орын алған қайғылы жағдайдан зардап шегіп жатқан тек өзіміздің бауырларымыз бен отандастарымыз екенін ескере отырып, бір ауыз сөзге тоқтаған халықтың ұрпағы ретінде ел бірлігі мен амандығын, тыныштығын сақтауға жұмылайық, бұл өз қолымызда екенін ұмытпайық!

Қойбағаров Нұрлан – Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы "NurOtan" партиясының мүшесі

Оралбеков Бұхар –Қоғамдық кеңестің төрағасы, Төлеби ауданының құрметті азаматы

Шыңғысбаев Әтірхан – ардагерлер кеңесінің төрағасы, Төлеби ауданының құрметті азаматы

 

Леңгір қаласы

Абдукаимов Ордабек - Ленгір қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауданның құрметті азаматы

Набиев Мади - Самбо, дзюдо күресінен әлем чемпионы

Мехлик Лидия - Төлеби ауданының құрметті азаматы, Неміс этномәдени орталығының төрайымы

Ескулов Пердебек - Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

Таджибаева Тәттіқыз - Ауданның құрметті азаматы

 

Киелітас ауылдық округі

Қалқабаев Мейіржан – Киелітас ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

Каратаев Юсупжан – Сұлтанрабат ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

Диханбаев Жайлаубай – Ақайдар ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

Омаров Апвазбек – Достық ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

 

Қасқасу ауылдық округі

Алимкулов Мухиддин – Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Омаров Жанбол – Жоғарғы Қасқасу елді мекенінің ауыл белсендісі

Манкеев Ақылбай – Кеңесарық елді мекенінің ауыл белсендісі

Дүйсебаев Әскербек - Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебінің директоры

Батыров Әнуар – Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Альханов Досмахан – Керегетас елді мекенінің тұрғыны

Заурбекова Айгүл – «Арай» бөбекжайының басшысы

Ауезбаев Кенжехан Қасқасу шағын жинақты жалпы орта мектебінің директоры