11.01.2022

ХАЛЫҚТЫҢ ТІЛЕГІ - БЕЙБІТ ӨМІР

Құрметті Отандастар!

Еліміз бұл күндері өз тарихында ауыр кезеңді бастан өткеруде. Қаншама бейбіт тұрғындар, тәртіп сақшылары, әскери қызметшілер қаза тапты. Қайғы арқалаған баршы жандардың қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Бұл біздің тәуелсіздігімізге көз тіккен, арандатушылардың әрекеті екені айтпаса да түсінікті. Тек, әттеген-ай, соларға біраз азаматтар еріп кетті. Лаңкестік әрекеттерді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қастандық жасаушылар алдын ала жоспарлаған. Татулығымыздан айырып, алауыздық тудырып, үрей туғызуға жол бермейміз. Қандай да бір көңіл толмас қиын жағдай болса да, мәдениетті түрде, ақылмен, Ата Заңымызға сәйкес шешілуі керек.

Елді сабырлыққа, бірлікке, ауызбіршілікке шақыруда аудандық мәслихаттың депутаттары, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, спортшылар мен қоғам белсенділері, ерікті жастар уақытпен санаспай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де ат салысуда. «Бақыттың ауылы - бірлік» дейді ғой, осындай ел басына күн туған шақта күшіміздің бірлікте екенін көрсетуіміз керек. Ендігі жерде елімізде қайғылы оқиға болмасын! Елімізде тыныштық болғай! Барлық даулар мен келіспеушіліктер бейбіт жолмен шешілсін.

Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы "NurOtan" партиясының мүшесі                     Н.Қойбағаров