11.01.2022

ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні Парламент Мажілісі депутаттары алдында сөйлеген сөзінде, жаңа үкіметке ең алдымен халықтың көкейтесті мәселелерін шешуді қолға алуды тапсырды. Көтірілген мәселелердің бәрі өзекті.

Ішкі істер органының ардагері ретінде, күштік құрылымдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуды қолдауы, құқықтық органдардың жұмыстарын қайта реформалау туралы тапсырмалары тұжырымды шешім деп есептеймін. Жастарды тәрбиелеуде мұғалімдердің біліктілігін арттыру, ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, жер-жерлерде спорт кешендерін салу, жалпы үкіметке ел экономикасын сауықтыру жайлы кешенді тапсырмалары көптің көңілінен шықты.

Мен, Төлеби ауданының тұрғындарын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Тәуелсіздігіміз бен Егемендігімізді сақтауға шақырған Үндеуі мен Парламант Мәжілісі депутаттарының алдында қойған мақсаттарын, ынтымақ пен бірлікте жүзеге асыруға шақырамын!

Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы "NurOtan" партиясының мүшесі                     Н.Қойбағаров