16.01.2022

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК

Бір аумақта орналасқан кез келген мемлекет халқының еркін дамуына жол беру үшін басқару жүйесі мен бақылау тетігін бір саяси тәртіпке бағындыра отырып ішкі саяси қақтығыстар мен ұлтаралық қақтығыстарды болдырмауға әрекет жасайды .

Әлем бойынша екі қақтығыстың да шешілу жолы диалог орнату арқылы келіссөздер жүргізу,бітімгершілікке келу болып саналады.

Кез келген қақтығыстарға негіз болатын жәйттер,бұл шешімі табылмаған экономикалық және әлеуметтік мәселелер.

Біздің көп ұлтты мемлекетіміз толеранттық саясатты ұстай отырып ұлтаралық қақтығыстарға жол бермеу үшін әртүрлі шаралар қолдануда.Оның үстіне тәуелсіздік жылдары бірнеше өңірде орын алған ұлтаралық қақтығыстардан тәжірибе де жинақталған.

Яғни,мемлекетіміз ұлтаралық кикілжіндерді тудырмауға немесе дер кезінде дауды басуға қауқарлы деп айтсақ болады.

Ал,қаңтар айының басында басталған бейбіт шеруге экономикалық теңсіздік негіз болып,арты саяси қақтығыстарға ұласты.

Халық толқуын дер кезінде басуға жергілікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар дәрменсіздік танытты.

Яғни, Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жолдауларындағы халықпен диалог құру үшін кері байланыс орнату,олардың мұң- мұқтажын түсіне білу арқылы халық сеніміне йе болу керек деген мемлекеттік органдарға жүктелген басымдық міндеттер кейбір өңірлерде тиісті дәрежеде қолға алынбаған.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы да дұрыс жолға қойылмағандығының әсерінен Ақтаудағы бейбіт шерудің талабын министрліктер дұрыс бағаламай, ұтымды шешім қабылдай алмады. Нәтижесінде Үкімет отставкаға жіберілді.

« Өзгерістер жолы:

Әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар» жобасы мемлекеттік құрылымдардағы партия мүшелерінің халық пен тығыз қарым қатынаста болуын міндеттейді.

Осы орайда,мемлекет басшысының саясатын дұрыс орындаудың нәтижесінде Түркістан өңірінде келеңсіз жағдай орын алған жоқ.

Оның ішінде,Төлеби ауданында да жағдайдың тұрақты болуы билік пен халықтың арасында түсінушілік болғанының айғағы.

Өңір басшысы Ө.Шөкеев Сайрам ауданына барған іс сапарында облыс аумағында жалпы тәртіпсіздікке жол берілмегені үшін барша жұртқа алғысын айтып,жергілікті билік өкілдеріне халықпен тығыз қарым-қатынаста болу керектігіне тағы да көңіл аудартты.

Қаңтар оқиғаларының сабағы ретінде біздің ендігі мақсатымыз халық пен билік тығыз байланысқан жаңа Қазақстан құру.

Тәуелсіздігімізді баянды ету.

Төлеби ауданының мәслихат хатшысы "Nur Otan" партиясының мүшесі                    Н.Қойбагаров