17.01.2022

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ-ШАРУАНЫҢ ЕРТЕҢГІ КҮЙІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде, соңғы жылы елімізде орын алған қуаншылық салдарынан, жиналған астық көлемі 4 млн тоннаға кемігенін, болжам бойынша ағымдағы жылы да ахуал күрделі болуы мүмкін екенін айтып, үкіметке агроөнеркәсіп құрылымдарын тұқымдық материалдармен, жем шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз етілуін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстау керек екендігіне назар аударды.

Алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу қажеттігін,

инфляцияны ұстап тұрудың алғы шарты нарықта азық-түліктің мол болуы екенін айта келіп, бағаны тұрақтандыру Үкімет пен әкімдердің алдында тұрған негізгі басымдық екенін айрықша ескертті.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша әзірленген жол картасында да 2022 жылы аудан тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында межелік индикаторлар көрсетілген.

Ірі қара мал басын 65,5 мыңға, жылқы басын 34.5 мыңға, дейін көбейту жоспарланған.

Ақбастау,Қарақуыс,Ащы су қоймалары мен каналдарды жөндеу арқылы қосымша 700 га суғармалы жерлерді айналымға жіберу межеленген.

Тамшылатып суарудың көлемін 2500 га дейін ұлғайту,қарқынды бау көлемін қосымша 625 га жеткізу көзделген.

Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа нысандарын ашу жоспарланған.

Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдай отырып, ауылшаруашылығын жаңа деңгейге шығару барысын қамтамасыз ету үшін ,біздер аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы да өз жоспарымызға түзетулер мен толықтырулар жасайтын боламыз.

Күшіміз бірлікте деп жаңа Қазақстанды бірге құруға ат салысамыз.

Төлеби ауданының мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясының мүшесі Н.Қойбағаров