19.01.2022

ТАЛАП БОЛСА – ЖҰМЫС ТАБЫЛАДЫ

Әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс.

Бұл «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында негізгі индикатор ретінде қабылданып – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайтуға негізделген. Өткен жылы ашылған жаңа жұмыс орындарының денін шағын орта бизнес өкілдері құрап, 920 жеке кәсіпкер, 79 заңды тұлға ретінде тіркеліп, жұмысқа кіріскен.

Олардың ішінде: “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 155 азамат грант алған болса, «Бастау бизнес» бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 202 азамат білім алған, 41 азамат екінші деңгейлі банктерден несие алып, барлығы 398 азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібін ашып, жұмысын жасауда.

Партияның 2022 жылға арналған бағдарламасында жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүйелі жүргізе отырып, жұмыссыздық деңгейін 5,2% -дан төмендету, жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында мемлекеттік гранттың 80 % жұмыссыз жастарға беру, 75 жаңа жұмыс орнын ашу, кедейлікті жоюда "2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту" Ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамту, әлеуметтік порталдардың тиімділігін арттырып, жұмысты мүмкіндігінше цифрлық форматта жүргізуге ден қойылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент мәжілісі отырысында үкіметке әлеуметтік кодекстің уақытында қабылдануын қамтамасыз етіп, құжат аясында әлеуметтік саясатты жеңілдетуге көңіл бөлуді міндеттеді. Пандемия тәуекелдері мен қордаланған проблемаларды ескере отырып, жұмыссыздықты, әсіресе жастар арасында жұмыссыздықты азайтуға, «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін нақтылауды, еңбекақыны көтеру мүмкіндігін қарастыруды, халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасап, тиісті гранттардың мөлшерін 2 есеге – 400 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтуді тапсырды.

Осы орайда, мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдау "Nur Otan" партиясы мүшелерінің міндеті деп білеміз.

Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз!

Төлеби ауданының мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясының мүшесі                Н.Қойбағаров