15.04.2016

Кемеқалған ауылдық округінде халықпен кездесу өтті.

                        

                  Кемеқалған  ауылдық  округіндегі  халықпен  кездесу.

       Төлеби  аудандық мәслихаттың  хатшысы Нұрлан  Қойбағаров   2016 жылдың 15 сәуірінде  Кемеқалған  ауылдық  округінің  Абай  ауылындағы клубта  халықпен  кездесу  өткізді. Жиынға аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Абдрахманов, осы округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты С.Құлманов, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағалары, мектеп басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

     Мәжілісті Кемеқалған  ауыл округі  әкімінің міндетін атқарушы Е.Бекбауов  ашып, жиналысқа қатысып отырған аудандық    мәслихаттың  жаңадан сайланған  хатшысы Нұрлан  Қойбағаровпен  таныстырды. 

       Мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров   жаңа шақырылымдағы  мәслихат пен оның құрылымдарының,  сайланған депутаттардың құзыры мен міндеттері, өкілеттіктері және алдағы уақыттарда қандай жұмыстармен айналысатындары туралы айтты.

         Ұйымшыл ауылының тұрғыны, ауыл биі Байменов Асан     ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы, сол мал өнімдерін қабылдайтын  мекеме керек екенін айтты.    

        Ұйымшыл орта мектебінің директоры Байдыбеков Уалихан типтік емес мектептің 2000   жылы асар әдісімен салынғанын, бөлмелердің санитарлық-гигеналық талаптарға сай еместігін, тазалықты тексеріп келген сайын айыппұл салынатындығын айтып жаңа мектеп салу  туралы мәселе көтерді.

        Абай ауылының тұрғыны Байдыбеков Балдырбек  жаңадан сайланған  аудандық мәслихаттың хатшысы  депутат Нұрлан Қойбағаровты  құттықтап,елдің көркейе беруіне үлес қоса берулеріне тілек білдіріп, Кемеқалған ауыл округі бойынша шешімі  табылмай жатқан  төмендегі мәселелерге   ықпал етулерін сұранды:

  • Әңгірата – Ақбастау ауылдарының арасындағы жолды жөндеу,
  • Ағын су мәселесін реттеу, бұрын болған су қоймасын қалпына келтіру,
  • Төлеби-Қазығұрт трассасындағы көпірлерді жөндеу.

Ақбастау  ауылының  тұрғыны,зейнеткер Әжібаев Өмірбай   Алма-тау демалыс орнына баратын автокөліктер жол  қозғалысы ережелерін сақтамайды. Сол себепті  жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын жолдарға кедергілер орнатуға  көмектесуін сұранды.

          Әңгірата ауылының тұрғыны Бейсембаев Бекболат ақсақал  Ауылда жаңадан салынып жатқан мектептің  алдындағы төбені  тегістеу керек екенін айтып,    аталған мәселеге ықпал етуін өтінді.

         Кемеқалған  ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амантай Әліқұлов           Жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың хатшысы, депутат Нұрлан Қойбағаровты құттықтап, халықтың талап –тілектерін әрдайым орындай беруіне тілектестік білдірді.

          Аудандық мәслихаттың хатшысы  жиналысты қорытындылап,жиналысқа қатысқан ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.