24.01.2022

ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ АЗАЙТУ (Жаңа экономикалық саясаттың негізін қалаушы жетінші қағидат)

Президент Қ.Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында жаңа экономикалық саясаттың жетінші элементі – әкімшілік кедергілерді азайту деп көрсетті.

– Былтыр прокуратура органдары кәсіпкерлердің 2,5 мыңнан астам шағымын қарады. Бәрі де қылмыстық қудалау органдарындағы лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерімен және шешімдерімен келіспеу туралы шағымдар. Оның 1 мыңнан астамы қанағаттандырылды. Кәсіпкерлер (негізінен) полиция қызметкерлеріне, Экономикалық тергеу қызметіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне шағымданған, – деді Мемлекет басшысы.

Бас прокуратураға осындай заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне принципті түрде баға беру тапсырылды.

Төлеби ауданының мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясының мүшесі         Н.Қойбағаров