24.01.2022

Бағаны тұрақтандыру - 1

Еліміздің қай өңірінде болсын күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызуы әбден мүмкін. Мұның алдын алу үшін аудандық мәслихаттың депутаттары Е.Жабаев, А.Шырынбек, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің орынбасары О.Жанқалов пен қалалық әкімшілік мамандарымен бірігіп, қала аумағындағы дүкендерді аралап, бағаны тұрақтандыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.