25.01.2022

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында әкімдер адамдар алдына шығуы тиіс, қажетсіз бюрократиядан айығу керек деген болатын. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес аудан әкімі әрдайым аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініш-тілектеріне ерекше назар аударып келеді.

Бүгін аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Зертас ауылдық округіне барып, тұрғындарды кездесіп мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімі қатысты.

Жеке қабылдауда азаматтар Шомшақты мектебінің құрылысы, Қ.Мамытов мектебіндегі күрес үйірмесі, Жамбыл көшесі маңында спорт алаңшасы құрылысына қажетті жер телімін заңдастыру, тұрғын үй, қоғамдық жұмысқа орналасу сынды өзекті мәселелерін ортаға салды.

Тұрғындардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы заң аясында кеңестер беріп, мәселелердің шешілуіне ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.