29.01.2022

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІ

«Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту қажеттілігін айттылған.

Аталған бағытта, Төлеби ауданы, Зертас елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Қ.Омартаев ағаш өңдеу цехын іске қосып,заман талабына сай ағаш есіктер мен баспалдақ дайындауда.

Ағаш цехында он адам жұмыспен қамтылған.

Зертас ауылдық округіндегі іс-сапар барысында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлымен бірге кәсіпкердің жұмысымен, қолы алтын шебердің туындыларымен таныстық. Шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы, бұл саланы дамытамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау бар екенін айтып жектіздік. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта цех жұмысын ұлғайтып,қосымша жұмыс орнын ашып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды мақсат етіп отырған ойымен бөлісті.

Төлеби ауданының мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясының мүшесі         Н.Қойбағаров