02.02.2022

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЖҰМСАЛҒАН ӘРБІР ЖОБА САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

«Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасында көрсетілген жобалардың елді мекендерде орындалуын қадағалау мақсатында аудан әкімі Төлеген Телғараевпен бірге округтерге іс-сапарға шықтық.

Нысандарды аралап, халықпен кездесіп, оларды толғандырған мәселелеріне көңіл бөліп, өтініштерін тыңдап, оның шешілу жолдарын ұсындық.

Кемеқалған ауылдық округінде жұмыс сапарымыз Әңгірата елді мекенінен басталды.

Ауылдың белсенді азаматтарының бастамасымен басталған «Наурыз» алаңы мен аллеяның құрылысымен таныстық.

Аллеяны жарықтандыру мен қоршау жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін болады.

Әңгірата көшесіне төселген асфальт жол, Жастар көшесіне орнатылған электр бағаналары мен трансформатор құрылысына да көңіл бөлдік.

Ұзындығы 1,16 шақырымды құрайтын Әңгірата көшесіне 14 млн 113 мың теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ал, Жастар, Ардагерлер көшелеріне, Абай елді мекенінің Қошқарата, Қаратас көшелерінің, Ұйымшыл елді мекенінің Шеңгелсай, Шоқалақ көшелерінің электр желілері мен бағаналарын ауыстыру, трансформатор орнатуға 110 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыс толығымен биылғы жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Абай елді мекеніндегі Тәуелсіздік көшесіне ұзындығы 800 метр асфальт жол құрылысын мердігер мекеме «Ернар сервис» ЖШС жүргізді. Бұл бағытқа 12 млн 766 280 теңге қаржы қаралып, нысан пайдалануға берілді.

Ұйымшыл шағын жинақты мектебі жанынан қосымша 200 орындықты ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Ақ орда» ЖШС-гі,нысанның сметалық құны-981 млн теңге.

Қарақия елді мекенінің жаңа массивіне табиғи газ тарту жұмыстарын «Алагоминжинеринг» ЖШС жүргізуде.

Сондай-ақ, аудан әкімімен бірге азаматтарды қабылдау барысында Абай орта мектебіне асхана, кітапхана, шеберхана, спорт зал, акт зал қажеттілігі айтылды.

Ауқымды шаралар нәтижелі орындалғанның арқасында ғана барлық жоспарлаған мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз.

Билік пен қоғам арасындағы тығыз байланыс,әлеуметтік мәселелерді шешуге бастар жол.

Ауданда жүзеге асып жатқан жобалардың барлығы ««Nur Otan» партиясының бақылауында болады.

Төлеби ауданының мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясының мүшесі         Н.Қойбағаров