02.02.2022

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ЖОСПАРЛЫ ШЕШІЛУГЕ ТИІС

Кемеқалған ауылдық округіндегі сапар барысында аудан әкімі Төлеген Телғараевпен бірге тұрғындармен жеке қабылдау жүргіздік 

Алыстағы ағайынның ат терлетіп аудан орталығына келуін күтпей, оларды тұрғылылықты елді мекенде қабылдап, түскен арыздар мен өтініштер бойынша қойылған сұрақтарға жауап бердік.

Ақбастау елді мекенінің тұрғыны Ә.Тоқтағұлов Ақбастау елді мекеніндегі жайылым жерлерді қоршап алған азаматтар ісіне шағымданды. Аталған өтініш бойынша қоршалған жайылым жерлердің құжаттарының заңдылығын анықтау салалық бөлімге тапсырылды.

Қаратөбе елді мекенінің тұрғыны Рахымбаев Спабек Қаратөбе негізгі орта мектебінің құрылысын жүргізу және газ құбырының жарамсыздануына, газ қысымының төмендігіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді. Қаратөбе негізгі орта мектебінің құрылысын жүргізуге 837 млн. теңге ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, облыстық адами әлеуметті дамыту басқармасына қаржыландыруға ұсынылғанын айтып, түсіндірілді.

Ал, Қаратөбе елді мекені табиғи газды Қазығұрт ауданына қарасты «Күйік» газ тарту станциясынан тұтынады. Елді мекеннің газ құбыры облыс әкімдігінің 18.03.2011 ж. №54 және 27.04.2017 ж №111 қаулысымен «Қазтрансгаз аймақ» АҚ-ның меншігіне өткізілген. Сол аумақтағы газ қондырғысынан (ГРПШ) ертеректе тартылған диаметрі-57мм, ұзындығы-1060 метрді құрайтын газ құбырының тозығы жетуіне байланысты аудан тарапынан «Қазтрансгаз аймақ» АҚ-на өз меншігіндегі газ құбырын ауыстырып беру (ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу) жөнінде ұсыныс жасалатын болды.

Абай елді мекенінің тұрғыны Тұрғынбек Манапов Абай жалпы орта мектебіне қосымша білім ғимараты қажеттігін айтты.

Жалпы қабылдауда округ тұрғындары өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып,тиісті бөлім басшыларынан түсіндірме жауаптар алды. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып,ретімен шешілетін болады.

Төлеби ауданының мәслихат хатшысы, "Nur Otan" партиясының мүшесі         Н.Қойбағаров