07.02.2022

Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру.

Төлеби аудандық мәслихаты:

     «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы  2,3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы №03-Ө өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

       Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

       Жұмыс тобының сандық құрамы: 7 (жеті) адам.

       Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі мемлекеттік орган өкілдерінен, үштен екісі азаматтық қоғам өкілдерінен қалыптастырылады.

       Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде жасақталады.

       Пошталық мекен-жай: «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» ММ, Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі, №28 үй, №217 каб., байланыс телефоны: 6-18-96.

        Электрондық поштаның мекенжайы: tolebi_maslihat@mail.ru

        Жұмыс тәртібі: «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» ММ сағат 09:00 ден 19:00-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ға дейін,  сенбі, жексенбі демалыс күндер.

       2022 жылғы  23  ақпанда бірінші отырыс.

       2022 жылғы  25  ақпанда екінші отырыс.

       Құжаттарды тапсыру мерзімі: (2022 жылғы 14 ақпанынан бастап 2022 жылғы 18 ақпанын қоса алғанда сағат 19:00-ға дейін).

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекен жайға жолдайды:

1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3)  кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.

      Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысы өткізіледі.

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

      Отырыстар эпидемиологиялық жағдайға және қолданыстағы шектеулерге байланысты қашықтық форматқа ауыстырылуы мүмкін.