07.02.2022

Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға қадағалаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру.

      «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» ММ хабарлайды:

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже) 10-тармағына сәйкес:

1.  Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.

2.     Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес форма бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш  береді.

      Пошталық мекен-жай: «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» ММ, Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі, №28 үй, №217 каб., байланыс телефоны:                  6-18-96

      Электрондық поштаның мекенжайы: tolebi_maslihat@mail.ru

      Жұмыс тәртібі: «Төлеби аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат                09:00-ден 19:00-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ға дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.

       2022 жылғы 23  ақпанда бірінші отырыс.

       2022 жылғы 25  ақпанда екінші отырыс.

       Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2022 жылғы 14 ақпаннан бастап 2022 жылғы 18 ақпанды қоса алғанда сағат 19.00-ға дейін)

       Отырыстар эпидемиологиялық жағдайға және қолданыстағы шектеулерге байланысты қашықтық форматқа ауыстырылуы мүмкін.