04.02.2022

ДЕПУТАТТАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ЖҮРУІН БАҚЫЛАУДА ҰСТАУДА

Аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының І тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Төлеби автобус паркі» ЖШС-не бөлінген субсидияның игерілу барысы жайлы және атқарылып жатқан жұмыстары мен переспективалық іс-шаралары туралы мәселені зерделеу бойынша жұмыстарын жалғастырды.

Депутаттар «Автомобиль көлiгi туралы» және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығына сай, «Төлеби автобус паркі» ЖШС-де болды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламаны аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің бас маманы Д.Жүнісбеков және «Төлеби автобус паркі» ЖШС-нің директоры Ғ.Жылқыбаев жасады.

Депутаттар «Төлеби автобус паркі» ЖШС-нің көлік жүйесін жаңғырту, қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасын жақсарту, көліктердің жолаушыларды тасымалдауға жарамдылығы, бөлінген субсидиялар жанармай шығындарын жабуға, жалақы төлеуге, сатып алған жаңа автобустар үшін лизинг қарызын төлеу туралы, сонымен қатар автокөліктердің қатынау кестесімен танысып, көптеген маңызды мәселелерге көңіл бөлді.

Бұл мәселе, зерделеу қорытындысымен алдағы болатын тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісінде қаралатын болады.